Алматы қаласы Білім басқармасының
шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық білім берудегі жаңа
технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы»
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Алматыда «Жасыл балабақша» жобасы аясында семинар өтті
05-06-2026
2026 жылғы 5 маусымда Алматы қаласы білім басқармасының «№11 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК базасында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған қалалық семинар өтті.
Іс-шараның мақсаты – мектепке дейінгі ұйымдарда экологиялық тәрбие тәжірибесін жетілдіру, балалардың табиғатқа ұқыпты қарауын қалыптастырудың инновациялық әдістерін насихаттау, сондай-ақ «Жасыл балабақша» жобасы аясында тиімді тәжірибені тарату.
Семинарды Алматы қаласы Білім басқармасының Әдістемелік орталығының Қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталығы ұйымдастырды.
Семинардың міндеттеріне мектеп жасына дейінгі балаларды экологиялық тәрбиелеудің заманауи тәсілдерімен таныстыру, балалардың табиғатқа деген қызығушылығын және оған қамқорлық сезімін дамыту кірді.
Ұйымдастырушылар экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша тәжірибе алмасу, сондай-ақ ата-аналар, педагогтер мен балалар арасындағы экологиялық әріптестікті нығайту мақсатында қаланың мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтері үшін алаң құрды. Алмалы аудандық білім бөлімінің мобильді тобының мүшесі, «№22 бөбекжай» КМҚК әдіскері Мадина Әлиеваның айтуынша, қатысушылар сапалы іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.
Жоба жетекшісі, ҚМдРО әдіскері Жанар Тұралина атап өткендей, семинар мектепке дейінгі білім берудегі экологиялық күн тәртібінің қажеттілігін және педагогтердің өзекті тәжірибелерді енгізуге дайындығын көрсетті
Басқа жаңалықтар
29-05-2026
Жасанды интеллект және педагогтердің кәсіби шығармашылығы
23-05-2026
Алматы қаласында білім беру ұйымдары басшылары арасында II қалалық «Director’s CUP» дебат турнирі өтті
12-05-2026
Алматыда өнер мен технологиялар жөніндегі халықаралық форум өтіп жатыр
08-05-2026
«Almaty Ustazy – 2026» қалалық байқауының ІІ кезеңі аяқталды
06-05-2026
“Оқу сауаттылығы мәнінде пәнаралық байланыс: мазмұн мен тәжірибе” тақырыбында республикалық семинар-практикум