Алматы қаласы Білім басқармасының
шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық білім берудегі жаңа
технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы»
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Басты бет / Орталық туралы / ҚМДРО

Қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталық (ҚМДРО)

Қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталық 2023 жылғы 1 шілдеде Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Алматы қаласының білім беру жүйесін дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған Жол картасын» іске асыру аясында құрылды. Орталықты құру мегаполистегі мектепке дейінгі білім беру жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкес сапалы жаңа деңгейге көтеру және трансформациялау қажеттілігіне жауап болды.

Негізгі мақсаты – Алматы қаласының мектепке дейінгі тәрбиесі мен оқыту сапасын дамыту және оны заманауи талаптар мен халықаралық стандарттарға сәйкес трансформациялау.

Негізгі міндеттері:

  • мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының сақталуын қамтамасыз ету;
  • мектепке дейінгі ұйымдарға инновациялық білім беру жобаларын, авторлық бағдарламалар мен технологияларды енгізу;
  • педагогикалық тұжырымдамаларды, білім беру бағдарламаларын және балабақшаларды дамыту бағдарламаларын іске асырудың әлемдік тәжірибесіне шолу жасау, жаңа психологиялық-педагогикалық тәжірибелерді енгізу.

Негізгі оқиғалар

  • 2023 жылғы шілде: Орталықтың ресми ашылуы.
  • 2023 жылғы қыркүйек: Балабақша басшыларының Сингапур мен Англиядағы тағылымдамаларының нәтижелері негізінде әзірленген «Қайта жүктеу: халықаралық деңгей» инновациялық жобасының іске қосылуы.
  • 2023–2024 жж.: Жоба аясында 100-ден астам басшы, 197 педагог пен әдіскер, сондай-ақ 500-ден астам ата-ана қамтылды.
  • 2024 жыл: Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері мен басшыларына арналған сингапурлық тәжірибені енгізу бойынша қалалық семинарлар мен фасилитациялық сессиялар сериясы өткізілді.
  • 2024–2025 жж.: «MOSAIC Global Pte Ltd» (Сингапур), ЮНЕСКО, Абай атындағы ҚазҰПУ және басқа да жетекші халықаралық және қазақстандық ұйымдармен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.
  • 2026 жылғы ақпан: ҚГӘЖТҒӘО-ға жұмыс сапары аясында қала әкімінің орынбасарына қол жеткізілген нәтижелер таныстырылды.

Басшысы – Карасёва Наталья Викторовна

Әдіскерлер:

  • Туралина Жанар Анварбекқызы (+7 777 312 4339)
  • Сатыбалдиева Жазира Бескемпірқызы (+7 775 915 2578)
  • Мустафаева Ақбота Сайлаубекқызы (+7 775 360 8457)
  • Масақбаева Лұнара Тұрсынқызы (+7 778 492 9494)
  • Серікбаева Гүлсара Сталханқызы (+7 707 159 1244)
​​​​​​​
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Қазақстан Республикасы Президенті
Аралбаев Сәкен Жаббарұлы
Алматы қаласы Білім басқармасы басшысы
Сагынгалиев Даурен Наурызбаевич
Директор
8 (727) 351-30-37
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Қалдаяқов көшесі, 62
© 2026 Алматы қаласы Білім басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны