Алматы қаласы Білім басқармасының
шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық білім берудегі жаңа
технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы»
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Басты бет / Жаңалықтар / Алматыда физика және математика пәні мұғалімдеріне арналған байқау басталды
Алматыда физика және математика пәні мұғалімдеріне арналған байқау басталды
10-09-2026

Ұстаздар күні қарсаңында Алматы қаласында жас педагогтердің кәсіби әлеуеті мен шығармашылық ізденісін қолдауға бағытталған жаңа байқау бастау алды. Кәсіби мерекеге орай ұйымдастырылып отырған байқау Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, көрнекті ғалым-математик, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, академик Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаевтың 70 жылдығына арналады.
Байқау 2026 жылғы 2-4 қазан аралығында Алматы қаласында өтеді. Оған қаладағы мемлекеттік білім беру ұйымдарында еңбек ететін физика және математика пәндерінің мұғалімдері қатыса алады.
Байқауға қатысушыларға бірқатар талап қойылады. Үміткерлердің жасы 36-дан аспауы тиіс. Сонымен қатар әр қатысушының біліктілік санаты «педагог-модератордан» төмен болмауы және өзі өкілдік ететін білім беру ұйымында кемінде бір жыл еңбек өтілі болуы қажет.
Байқауды ұйымдастыру және өткізу жұмыстарын Алматы қаласының Білім басқармасы, Алматы қаласының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы, Қазақстан математика мұғалімдері қауымдастығы және Beta High School мектебі бірлесіп жүзеге асырады.
Байқау күздің маңызды кәсіби іс-шараларының біріне айналып, жас педагогтердің білімі мен біліктілігін, шығармашылық әлеуеті мен кәсіби шеберлігін танытуға мүмкіндік береді. Ұстаздың таланты мен ізденісі – қазақстандық білім мен ғылымның жарқын болашағын қалыптастыратын маңызды күш.

Басқа жаңалықтар
09-09-2026
«Almaty Ustazy» финалына дайындық жүріп жатыр
26-08-2026
2026 жылғы 26 тамызда Бостандық ауданындағы КММ «№224 Жайлы мектеп» базасында конференция өтті
25-08-2026
«Алматы – білім мен инновация орталығы: жаңа халықтық Конституция құндылықтары негізінде адами капиталды дамыту» тақырыбында секциялық отырысы
25-08-2026
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні мұғалімдерінің секция отырысы
24-06-2026
Алматыдағы «Мектептен мектепке» жобасы тәлімгерліктің жаңа моделін қалыптастыруда
8 (727) 351-30-37
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Қалдаяқов көшесі, 62
© 2026 Алматы қаласы Білім басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны