Алматы қаласы Білім басқармасының
шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық білім берудегі жаңа
технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы»
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Басты бет / Жаңалықтар / «Almaty Ustazy» финалына дайындық жүріп жатыр
«Almaty Ustazy» финалына дайындық жүріп жатыр
09-09-2026

Алматы қаласында жас педагогтер арасында өтетін «Almaty Ustazy» қалалық конкурсының ІІІ, финалдық кезеңіне дайындық жұмыстары жалғасуда.
Қорытынды кезеңге өткен 11 үздік педагогке конкурс талаптары мен финалдық кезеңнің мазмұны бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Финалистер өздерінің «Мен – көшбасшы мұғаліммін» авторлық жобаларын қорғап, «Ашық мінбер» алаңында қазылар алқасы, көрермендер, ардагер ұстаздар мен оқушылардың бейнесұрақтарына жауап береді.
14–15 қыркүйек күндері финалдық кезеңге дайындық мақсатында қатысушылардың репетициясы және генералдық репетициясы өтеді.
Ал 16 қыркүйекте Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында «Almaty Ustazy» қалалық конкурсының финалдық кезеңі өтеді.
Финал қорытындысы бойынша 7 жеңімпаз анықталып, олардың әрқайсысына шетелде халықаралық білім беру тағылымдамасынан өту мүмкіндігі беріледі. Ал Гран-при иегеріне 5 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталады.

Басқа жаңалықтар
10-09-2026
Алматыда физика және математика пәні мұғалімдеріне арналған байқау басталды
26-08-2026
2026 жылғы 26 тамызда Бостандық ауданындағы КММ «№224 Жайлы мектеп» базасында конференция өтті
25-08-2026
«Алматы – білім мен инновация орталығы: жаңа халықтық Конституция құндылықтары негізінде адами капиталды дамыту» тақырыбында секциялық отырысы
25-08-2026
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні мұғалімдерінің секция отырысы
24-06-2026
Алматыдағы «Мектептен мектепке» жобасы тәлімгерліктің жаңа моделін қалыптастыруда
8 (727) 351-30-37
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Қалдаяқов көшесі, 62
© 2026 Алматы қаласы Білім басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны