Алматы қаласы Білім басқармасының
шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық білім берудегі жаңа
технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы»
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Басты бет / Жаңалықтар / 2026 жылғы 26 тамызда Бостандық ауданындағы КММ «№224 Жайлы мектеп» базасында конференция өтті
2026 жылғы 26 тамызда Бостандық ауданындағы КММ «№224 Жайлы мектеп» базасында конференция өтті
26-08-2026
2026 жылғы 26 тамызда Бостандық ауданындағы КММ «№224 Жайлы мектеп» базасында «АЛМАТЫ – БІЛІМ МЕН ИННОВАЦИЯЛАР ОРТАЛЫҒЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ АДАМИ КАПИТАЛДЫ ДАМЫТУ» тақырыбында конференция өтті.
Конференцияға мектепке дейінгі ұйымдардадың басшылары, әдіскерлері, тәрбиешілері, педагог-психологтары, арнайы педагогтері, қазақ тілі педагогтері, музыка жетекшілері және дене шынықтыру нұсқаушылары жалпы 540 педагог қатысты.
Пленарлық отырыстың модераторы – Білім басқармасы басшысының орынбасары Малгаждарова Бибігүл Төлепбергенқызы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі қызметтің басым бағыттарымен таныстырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – тәжірибе алмасуға арналған кәсіби алаң құру, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың өзекті мәселелерін талқылау және 2026 – 2027 оқу жылына арналған мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамытудың бағыттарын айқындау.
Конференция барысында баланың жеке тұлғасын дамыту, инклюзивті білім беру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, тілдік құзыреттілікті қалыптастыру, мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық және дене қабілеттерін дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Іс-шара қорытындысы бойынша Резолюция қабылданды.
Ізгі дәстүр бойынша конференцияға мектепке дейінгі білім беру саласының ардагерлері шақырылып, оларға құрмет көрсетіліп, құттықтаулар айтылды.
Конференцияға қатысушылар педагогтер қауымдастығының күш-жігерін біріктіру Алматы қаласын мектепке дейінгі білім берудің эталондық орталығына айналдырып, әрбір балаға өз әлеуетін толық ашуға мүмкіндік беріп, Қазақстан Республикасының болашағы үшін маңызды қадам жасауға ықпал ететініне сенім білдірді.
Пленарлық отырыстың модераторы қорытынды сөзінде жаңа Конституцияның қабылдануы – Әділетті Қазақстанды құру жолындағы тарихи қадам екенін атап өтті. Сонымен қатар, жаңа оқу жылында барша педагогтерге сәттілік, кәсіби өсу, жаңа идеялар мен маңызды жетістіктер тіледі.
Басқа жаңалықтар
10-09-2026
Алматыда физика және математика пәні мұғалімдеріне арналған байқау басталды
09-09-2026
«Almaty Ustazy» финалына дайындық жүріп жатыр
25-08-2026
«Алматы – білім мен инновация орталығы: жаңа халықтық Конституция құндылықтары негізінде адами капиталды дамыту» тақырыбында секциялық отырысы
25-08-2026
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні мұғалімдерінің секция отырысы
24-06-2026
Алматыдағы «Мектептен мектепке» жобасы тәлімгерліктің жаңа моделін қалыптастыруда
8 (727) 351-30-37
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Қалдаяқов көшесі, 62
© 2026 Алматы қаласы Білім басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны