20 тамыз күні №215 жалпы білім беретін мектеп базасында орта білім беру ұйымдарындағы «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні мұғалімдерінің секция отырысы өтті.
Негізгі тақырып:
«Алматы – білім мен инновация орталығы: жаңа халықтық Конституция құндылықтары негізінде адами капиталды дамыту»Секция тақырыбы:
Секция жұмысының тақырыбы: «Қазақ тілін цифрлық форматта оқыту: инновациялық технологиялар, функционалдық сауаттылық және құндылыққа негізделген білім»
Секция барысында қазақ тілін оқытудың заманауи бағыттары, цифрлық технологияларды тиімді қолдану, функционалдық сауаттылықты дамыту және құндылыққа негізделген білім беру мәселелері талқыланды.
Жаңа оқу жылына – жаңа идея, жаңа ізденіс, жаңа мүмкіндік!