Алматы қаласы Білім басқармасының
шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық білім берудегі жаңа
технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы»
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Басты бет / Жаңалықтар / «Almaty Ustazy – 2026» қалалық байқауының ІІ кезеңі аяқталды
«Almaty Ustazy – 2026» қалалық байқауының ІІ кезеңі аяқталды
08-05-2026

Қала әкімі мен Алматы қаласы Білім басқармасының қолдауымен ұйымдастырылып отырған «Almaty Ustazy – 2026» қалалық байқауының ІІ кезеңі өз мәресіне жетті.
Байқаудың І кезең қорытындысы бойынша ІІ кезеңге 71 педагог өтті. ІІ кезең 2026 жылғы 5–6 мамыр күндері «Мен – кәсіби мұғаліммін» тақырыбында офлайн форматта ұйымдастырылды. Қатысушылар ашық сабақтар өткізіп, заманауи әдіс-тәсілдер мен цифрлық ресурстарды тиімді қолдану тәжірибесін көрсетті.
Бағалау қорытындысы бойынша әр пәннен І орын иеленген 11 педагог байқаудың ІІІ кезеңіне жолдама алды:

  • Гаухар Бекболатова -бастауыш сынып; 
  • Еркемай Әлімқазы - ағылшын тілі; 
  • Қырмызы Азирбаева -  биология; 
  • Айбар Ермекқалиев -  тарих; 
  • Әмина Мухамет -  қазақ тілі мен әдебиеті; 
  • Орынша Танатарова -  география; 
  • Гауһар Нүсіпова -  информатика; 
  • Аида Даулетова -  орыс тілі мен әдебиеті; 
  • Досжан Рахымбекұлы -  математика; 
  • Шахноза Экринова -  физика; 
  • Таңірберген Мықтыбек -  химия.

ІІІ кезең 2026 жылдың қыркүйек айында Мұғалімдер күніне орай өткізіліп, финалистер «Мен – көшбасшы мұғаліммін» авторлық жобасын қорғап, «Ашық мінбер» форматында бақ сынайды.
Қорытынды кезең нәтижесі бойынша 7 жеңімпаз анықталып, шетелдік жоғары оқу орындарында тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар, байқаудың Гран-при иегеріне 5 миллион теңге табысталады.
  

Басқа жаңалықтар
05-06-2026
Алматыда «Жасыл балабақша» жобасы аясында семинар өтті
29-05-2026
Жасанды интеллект және педагогтердің кәсіби шығармашылығы
23-05-2026
Алматы қаласында білім беру ұйымдары басшылары арасында II қалалық «Director’s CUP» дебат турнирі өтті
12-05-2026
Алматыда өнер мен технологиялар жөніндегі халықаралық форум өтіп жатыр
06-05-2026
“Оқу сауаттылығы мәнінде пәнаралық байланыс: мазмұн мен тәжірибе” тақырыбында республикалық семинар-практикум
8 (727) 351-30-37
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Қалдаяқов көшесі, 62
© 2026 Алматы қаласы Білім басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны