Алматы қаласы Білім басқармасының
шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық білім берудегі жаңа
технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы»
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Басты бет / Орталық туралы / ҚИРО

Қалалық инклюзивті ресурстық орталық (ҚИРО)

Қалалық инклюзивті ресурстық орталық 2024 жылы Алматы қаласында инклюзивті білім беруді кезең-кезеңімен дамыту жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары мен педагогтеріне әдістемелік қолдау көрсету қажеттілігінің артуына байланысты құрылды.

Орталықтың құрылуы әрбір баланың сапалы білім алуға тең қолжетімділігін қамтамасыз ететін инклюзивті білім беруді сүйемелдеудің заманауи әрі тиімді жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

Негізгі мақсаты – қала мектептерінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға сапалы инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету үшін қолжетімді және тиімді әдістемелік қолдау жүйесін қалыптастыру.

Негізгі міндеттері:

  • инклюзивті білім беруді дамыту бойынша қалалық, республикалық және халықаралық жобаларды іске асыруға қатысу;
  • білім беру ұйымдарындағы инклюзивті білім беру бойынша қалалық ақпараттық деректер базасын құру және жүргізу;
  • инклюзияның үздік тәжірибелерін енгізу мақсатында барлық мүдделі тараптардың (мектептер, үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік құрылымдар) желілік өзара іс-қимылын үйлестіру;
  • педагогтер мен ата-аналарға кешенді әдістемелік және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету;
  • ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін педагогтерге арналған біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу.

Негізгі оқиғалар

  • 2024 жыл — Орталықтың ресми ашылуы.
  • 2024 жылғы қыркүйек — тірек мектептердің әдіскерлері мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен алғашқы «Brainstorming» әдістемелік сессиясының өткізілуі.
  • 2023–2024 оқу жылы — Орталық мамандарының қызметімен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға жағдай жасаған қаланың 182 мектебі қамтылды (мектептердің жалпы санының 85%-ы).
  • 2025 жыл — инклюзивті білім беруді дамыту бойынша әдістемелік сүйемелдеу жұмыстары жүргізіліп, 4632 бала қамтылды (2022–2023 оқу жылының қорытындысы бойынша).
  • 2026 жылғы ақпан — ҚҒӘЖТҒӘО-дағы жұмыс кездесуі аясында Орталық қызметі Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкеновке таныстырылды. Кездесу қорытындысы бойынша Орталықтың білім сапасын басқару жүйесіндегі маңызды рөлі жоғары бағаланды.

Басшысы
Хасанова Ботагөз Жолдасбекқызы

Әдіскерлер:

  • Саримов Нұржан Айдынұлы
  • Волковинская Елизавета Михайловна
  • ​​​​​​​Мақұлбек Айдана Жомартқызы
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Қазақстан Республикасы Президенті
Аралбаев Сәкен Жаббарұлы
Алматы қаласы Білім басқармасы басшысы
Сагынгалиев Даурен Наурызбаевич
Директор
8 (727) 351-30-37
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Қалдаяқов көшесі, 62
© 2026 Алматы қаласы Білім басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны